«Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясы.
2017 жылдың қараша айында Ұрымқай орта мектебінде «Қауіпсіз мектеп автобусы үшін» атты ұранмен «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы өткізілді.
Акцияның мақсаты – оқушыларды білім алу орнына тасымалдауды ұйымдастыруда қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету. Сондай-ақ балаларды мектеп автобусымен тасымалдауды жүзеге асыру барысында жол-көлік оқиғасының алдын алу.
Мектеп автобустарының жүргізушілеріне жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол қозғалысы ережесінің бұзылуына жол бермеу тақырыбында нұсқаулықтар өткізілді. Сонымен қатар, балаларды мектепке тасымалдаудың қауіпсіздігін сақтау мақсатында сынып жетекшілері оқушыларға жол қозғалысының ережесін түсіндірді, өзін қорғау шаралары бойынша қауіпсіздік сабақтар мен сынып сағаттарын өткізді.
Бастауыш сынып оқушылар арасында суреттер байқауы болды.
Акция шеңберінде балаларды тасымалдауда және жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелері туралы балаларға, ата-аналарға ескертулер берілді.
-