Текст
Біліктілікті арттыру курстары педагогтердің таным көкжиегін кеңейтіп, үнемі өсу мен өзін-өзі жетілдіруге итермелейді. 04-15 қыркүйек аралығында "Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы "Ақмола облысы бойынша кәсіптік даму институтының" базасында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсынан Шашкенова Жулдыз Карипхановна, жас маман Зенкеубаева Динара Дауренбековна өтіп келді. Курстың мақсаты: "Қазақ тілі мен әдебиеті" пәні мұғалімдерінің пәндік және кәсіби педагогикалық құзыреттіліктерін арттыру.