"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Ұрымқай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Урумкай отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

    

S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>
Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Қазақтын келіндері - ай"

 Елімізде 2019 жыл Жастар жылы болып жарияланғаны белгілі. Басты мақсат – ел болашағы, жас буын өкілдеріне жан-жақты қолдау көрсетіп, қоғам өміріндегі белсенділігін арттыру.
Жастарға  бағытталған бастама аясында
Наурыз мерекесіне орай,  Ұрымқай орта мектебінде    «Қазақтың келіндері-ай!» атты сайыс ұйымдастырылып, өткізілді.

Бұл байқаудың мақсаты - қазақ мәдениетін насихаттау және жаңғырту, қоғамда отбасы мен некенің маңыздылығын арттыру. Отбасы тірегі - әйел-аналарымыздың рөлі мен міндеттерін айшықтап, ұмыт қалған салт-дәстүрлеріміздің құндылықтарын оралту.

 «Келіні жақсы үйдің - керегесі алтын» демекші, қазақ халқы қыздың тәрбиесіне аса  көңіл бөлген. Өйткені, жақсы келін бір шаңырақтың ғана емес, тұтас бір ұлттың болашағы, келер ұрпақтың тәрбиешісі.  Болашағын бағдарлаған ел де оның бастауына дендеп көңіл бөлген.

Ұйымдастырылған  жарыс та осы мақсатты көздеп, салт -санамызды жаңғыртып, ұмытылып бара жатқан дәстүрімізді дәріптеуге негізделді. Сайыс шарттары өзін-өзі таныстыру, өнерге бейімділігі, білім деңгейін анықтау, қазақ келініне тән нәзік те қастерлі ұстанымдарды сақтай білуін саралауға арналған ситуациялық сұрақтарға жауап беруге құрылды. Атап айтсақ, «Сәлем - сөздің анасы», «Өнерлінің өрісі кең», «Қазақтың салт-дәстүрлері», «Сөз тапқанға –қолқа жоқ».

Сайысқа Кашкенова Айсулу, Байгожина Гаухар, Еслямова Данара, Балазина Альфия, Кабдушева Айжан қатысып, өз өнерлерін әр кезең бойынша көрермендерге паш ете білді. Бірі қара өлеңмен, бірі қазақтың қара домбырасымен күмбірлетіп өзін таныстырса, бірі театрландырылған көрініспен барлық отбасы мүшелерінің қатысуымен өздерін көрсетіп жатты.  Ал «Өнерлінің өрісі кең» кезеңінде келіндер жаңа қырынан ашылып, бірі мың бұрала билеп, бірі әннен шашу шашты. 

Сайыс барысында қазақтың  бесікке салу, тұсау кесу, сыңсу, баланы қырқынан шығару, шашу дәстүрі, сонымен қатар, көмескіленіп, ұмытылып бара жатқан әдет-ғұрыптарынан сұрақтар қойылып, нақты  жауаптар алынды.  Байқау нәтижесі бойынша, көрермен көзайымына айналған келіндер «Өнерлі келін», «Шебер келін», «Көркем келін», «Инабатты келін», «Парасатты келін» сынды номинациялармен марапатталды. Сайыстың бас демеушісі    ЖШС «Алтын Бидай -2020» болып, қатысушыларға бағалы сыйлықтар табыс етті.

Ұлттық болмысымызға тән рәсімдерді сән-салтанатпен көрсете білген бұндай

байқаудың жастар үшін тағылымы мол.  Аталмыш шара салтымызды жаңғыртып, жастарға тәлім-тәрбие беруде маңызды қадам екені анық.

 

Ұрымқай орта мектебі

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Елеманова Г.Т.


Текст