Текст
Ұрпақ болашағы – бүгінгі ата-ананың мейірімді құшағы, жылы сөзі мен шынайы қолдауы бір арнаға тоғысқанда ғана жарқын болады. Бүгін мектепте "Әжелер даналығы" мектебінің отырысы "Әжемнің айтқан ертегісі" атты тақырыппен бастауыш сыныптар оқушыларына арналды. Кішкентай бүлдіршіндерге әжелер қызықты ертегілер айтып, оқушылармен тығыз қарым-қатынас жасады. Әңгіме барысында оқушылар кейіпкерлерге мінездеме берді және олардың іс-әрекеттерін бағалап өз ойларымен бөлісті. Бұл іс-шара балалардың еңбекқор, мейірімді және жанашыр болуға ықпалын тигізді деген сенімдеміз.
/public/files/2024/2/15/150224_083316_3301774070540943833.mp4