Текст
Білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес үштілдікті беруді жүзеге асыру мақсатында, 19.01.2021 ж Ұрымқай орта мектебінде әдістемелік күн өткізілді. Физика пәнінің мұғалімі Нурушева Б.Н. 9 сынып оқушыларымен «Мектептегі үштілді оқыту» атты факультатив сабағын өткізді.Факультатив сабағы барысында оқушылар өлшем бірліктердің халықаралық тілде екенін, үштілдіктің физикалық түсініктерді терең ұғынуға мүмкіншілік беретінін түсінді .