5 наурыз күні мектебімізде Халықаралық Әйелдер күніне арналған
«Ана – өмірдің шуағы» атты аналар сайысы болып өтті. Мақсаты: Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
Сайыс мынадай шарттардан тұрды:
1. Өзін- өзі таныстыру
2.«Өнерлінің өрісі кең»
3. «Салт – дәстүр – асыл қазынам»
4. Қолөнер
5. Менің сүйікті хоббиім
Бірінші кезеңде бәсекеге түскен аналар кезектесіп, өздерін таныстырып өтсе, «Өнерлінің өрісі кең» кезеңінде әр ана өз бойындағы өнерін паш етті. Бірі әуелете ән шырқаса, бірі мың бұрала би билеп, өлең жолдарын мәнерлеп оқып берді. «Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар» дегендей «Салт – дәстүр – асыл қазынам» кезеңінде аналар қоржыннан асық алып, сол асық нөміріне сай сұрақтарға жауап берді. «Қолөнер» кезеңінде аналарымыз ою ойып, қандай түрін жасағаны жайлы мағлұмат беріп өтті. «Менің сүйікті хоббиім» кезеңінде әр ана өзінің сүйікті ісі жайлы, немен шұғылданатынын айтып берді. Осы мерекелік шарада мектеп директоры Жилкибаев Насредин Рахманбердиевичке сөз беріліп, өзінің жылы лебізін білдірді. Әділқазы алқасы, әділден берсін бағасын. Жеңіске жеткен аналардың, өркендей берсін талабы,- дей отырып, әділқазы алқасына сөз берілді. Аяулы аналарымыз Мадақтамамен марапатталды. Шағын сыйлықтар табыс етілді. Жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман болсын!
Шашкенова Ж.К.