Текст
8 ақпаннан 12 ақпан аралығында Ұрымқай орта мектебінде аудандық пәндер олимпиадасы болып өтті. Мектепішілік пәндер олимпиадасынан білім деңгейіне қарай іріктеліп алынған 8 оқушы мектебіміздің намысын қорғады. Аудандық олимпиада нәтижесі бойынша қазақ тілінен 8сынып оқушысы Будевич Виктория (Елеманова Г.Т.) 2 орынға, биология пәнінен 8сынып оқушысы Нұрсапа Сабина (Кусаинова Г.К.) 3орынға, 9сынып оқушысы Иванющенко Диана (Карпиченко Н.Н.) 3 орынға, өзін-өзі тану пәнінен 9сынып оқушысы Михальцова Ирина (Ежаченко И.В.) 3 орынға ие болды. Пән мұғалімдерін және шәкірттерін жетістіктерімен құттықтаймыз!