Текст
Мектебіміздің асханасында бракераждық комиссияның кезекті тексерісі өтті. Комиссия дайындалған тағамдардың сапасын, сыртқы көрінісін, дәмін, температурасын және санитарлық талаптардың сақталуын мұқият қарастырды.
Тексеру нәтижесінде барлық тағамдар талаптарға толық сай екені анықталды. Аспаздар тағамдарды технологияға сай дайындап, балалардың денсаулығына зиян келтірмейтін, сапалы өнімдерді пайдалануда.
Асхана қызметкерлеріне адал еңбегі мен оқушылардың денсаулығына деген жанашырлығы үшін алғыс білдіреміз!