Қазақ халқының төбе биі - Майқы би
Қазақстан халқының тілдері
күні мерекесіне орай Ұрымқай орта
мектебінде қыркүйектің
10-жұлдызында «Қазақ халқының төбе биі -Майқы би» атты
көркемсөз оқуы болып өтті. Мақсаты: Майқы бидің өмірі мен шығармашылығын
таныстыру. Оқушыларды билердің нақыл сөздерінің мағынасын түсінуге, өз ойларын
дамытуға, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға, ана тілін мақтан тұтуға баулу.
Өткеніміз жаңарып, еліміздің тарихы қайта
жаңғырған кезеңде болашақ ұрпақтың бойына ата бабамыздың өнегелі
қасиеттерін бойына сіңіру міндетіміз. Оқушылар Майқы бидің ғибратты сөздерін
жатқа айтып, түсіне оқып, өздерінің әдебиетке құмарлығын жан жақты көрсете
білді. Сол замандағы билердің әділ шешімдерін, тапқыр ойларын, ауызбіршілікке
үндеген асыл құндылықтарын оқушылар келешекте өздерінің бойларынан таныта алады
деп үміттенеміз.
Жалелова А.А. қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі