Жолда жүру ережесін білесің бе?
Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар
мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай
барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде.
Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше
тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан көбіне
балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген мектеп оқушылары жолда жүру
ережелерін әлі де болса нашар біледі. Жол травматизмінің алдын алу
мақсатында Ұрымқай орта мектебінде ЖЖЕ туралы айлық жұмыстары басталып кетті.
Қыркүйектің 10-жұлдызында 5, 8 «ә» сынып
оқушыларымен «Жолда жүру ережесін білесің бе?» атты сынып сағаты болып өтті.
Мақсаты: Оқушыларды
жолда жүру ережесімен таныстыру; Жол қауіпсіздігін есте сақтауға,
білуге, жол ережесінің белгілерімен таныстыру; Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп,
жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп,
жұмбақтар шешті. Жаяу адамдардың міндеттерімен танысты. Жолда жүру ережелерін қаншалықты білетіндері,
жол белгілерін қалай меңгергені, өз өмірлерінің қауіпсіздігін сақтай ала ма,
сол жөнінде ой бөлісті. Қай жерде жүрсек те, жолда жүру ережесін
сақтап, басқаларды да соған шақырайық.
Деніміз сау, еліміз тыныш, жол
тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік.
Шашкенова Ж.К.