Жарияланып отырған Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы ұлттық мұраларымызды терең тануға, серпін беретін үлкен тарихи мәнге ие өсиет болып табылады. Мақала барша жастардың тарихын жақсы танып, біліп, Отансүйгіштік қасиетінің артуына сөзсіз жоғары идеологиялық тәрбие болмақ. Жастарымыз сонау замандарда Қазақстанның қай түкпірінде болмасын ата-бабаларымыздың тектілігіне тағы да бір көз жеткізетін болды. Елбасы мақаласында жазылған жолдар, менің жүрегімді одан сайын нұрландыра бастады. Өйткені, тарихымыз бен мәдениетімізді өскелең ұрпақ санасына жеткізу қастерлі міндеттің бірі. Сол мақсатта, бейсенбі күні 24-ші қаңтарда Ұрымқай орта мектебінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылаған диалог алаңы болды. Кешке Бурабай ауданының маслихат депутаты, Орман шаруашылығының директоры Бектуров Жумабай Таскожаевич, Ұрымқай ауыл кітапханасының жетекшісі Габченко Наталья Дмитриевна, Ұрымқай орта мектебінің кітапхана жетекшісі Ковалева Татьяна Николаевна,Ұрымқай орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гульжан Темиргалиевна және 5-10 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар Елбасының мақаласын қызу талқылап, өздерінің ой-пікірлерін ортаға сала білді. Келген қонақтарымыз балаларға жақсы тілектерін айтып, алдағы уақытта биік шыңдардан көрініп, еліміздің өркендеуіне өз үлестеріңді қоса беріңдер деген ізгі ниеттерін білдірді. Кеш өте жоғары деңгейде өтіп, барлық қатысушылар жақсы әсер алды.
Ишмухамедова Б.С.
тарих мұғалімі