Текст
Туберкулез ауруын алдын алу мақсатында Ұрымқай орта мектебінде айлық өтті. Іс-шараларға оқушылар мен мұғалімдер белсене қатысты. Мектеп медбикесі оқушылармен "Туберкулез","Туберкулез ауруын алдын алу" атты тақырыпта диктанттар жазды, "Туберкулез туралы" әңгеме жүргізілді. Барлық іс-шаралар туберкулез ауруын алдын алуға бағытталған болды.