"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Ұрымқай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Урумкай отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

    

S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>
Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы

18.03.2019

«Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы

2018-2019 оқу жылы

         Наурыздың 15-ші жұлдызында  «Арман» МТОТЖО орталығында «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы болып өтті. Байқаудың негізгі мақсаты: қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, жас ұрпақтың ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, ұлттық өнерімізді дәріптеу.  Олимпиадаға ауданымыздың жалпы білім беретін мектептердің қазақ балалары мен өзге ұлт өкілдерінің жеткіншіктері оқитын 7-11 сынып оқушылары қатысып, өз бақтарын сынады.  Биыл 30 мектептен 90 оқушы қатысты. Ұрымқай орта мектебінен осы байқауға «Сөз шеберлері» бағыты бойынша Эрбес Каролина  (7а),   «Тілші -әдебиетшілер»  бағыты бойынша Токтарбаева Нұрай (10б), «Жазушылар» бағытына Туймакова Ақнұр (7б),  «Жас ғалымдар» бағытына Кенжехан Мөлдір (7б) сынды оқушыларымыз қатысып,  өз білімдерін көрсете білді.                      «Тілші-әдебиетшілер»  бағыты бойынша Токтарбаева Нұрай жүлделі                   II орынға,  «Жас ғалымдар» бағыты бойынша Кенжехан Мөлдір III орынды иеленді. Құттықтаймыз!

          Жеңіс тұғырынан көріне алмаған оқушыларымызға аудандық байқауға белсене қатысқандары үшін мектепішілік Мадақтамамен марапатталды.  Әрдайым білім шыңын бағындырып, биік белестерден көрініп, болашақтарың  жарқын болсын!

Шашкенова Ж.К.

 

Просмотров: 416


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст