Текст
Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының мектеп оқушыларының мектепке толық қамтылуын қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау мақсатында "Мектепке жол"республикалық акциясы өтеді.Акция еліміздің барлық аймақтарында "Жүректен жүрекке!» ұраны бойынша 1 шілдеден 30 қыркүйекке дейінгі кезеңде өткізіледі.
Акцияның мақсаты: аз қамтылған отбасы балаларына оқу жылына дайындық кезінде қолдау көрсету және 1 қыркүйекте әлеуметтік себептермен мектепке келмеудің алдын алу.
Осыған сәйкес, мектеп бойынша іс-шаралар жоспары әзірленіп, акция өз жұмысын бастады.
"Мектепке жол" республикалық акциясы туралы