«Жарқын
болашақ» қазақ тілі олимпиадасы
2017-2018 оқу жылы
Ақпанның 8-ші жұлдызында «Арман»
МТОТЖО орталығында «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы болып өтті. Олимпиадаға ауданымыздың жалпы білім
беретін мектептердің қазақ балалары мен өзге ұлт өкілдерінің жеткіншіктері
оқитын 7-11 сынып оқушылары қатысып, өз бақтарын сынады. Бұл байқаудың негізгі мақсаты: қазақ тілінің
мәртебесін көтеріп, жас ұрпақтың ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерін дамыту,
шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, ұлттық өнерімізді дәріптеу. Ұрымқай орта мектебінен осы байқауға «Сөз
шеберлері» бағыты бойынша Байгабулова Айдана (7ә),
«Тілші -әдебиетшілер» бағыты
бойынша Токтарбаева Нұрай (9ә) мен Коваленко Анастасия (10а), «Әнші -
бұлбұлдар» бағытына Матис Виктория (11а),
«Жазушылар» бағытына Рақымжанова Гүлнұр (8ә) сынды оқушыларымыз
қатысып, өз білімдерін көрсете білді. «Тілші-әдебиетшілер» бағыты бойынша Токтарбаева Нұрай жүлделі III орынға
ие болды. Құттықтаймыз!
Жеңіс тұғырынан көріне алмаған
оқушыларымызға аудандық байқауға белсене қатысқандары үшін мектепішілік
Мадақтамамен марапатталды. Әрдайым жеңіс
тұғырынан көрініп, болашақтарың
жарқын болсын дегім келеді.
Шашкенова Ж.К.
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі