Текст
Ұйымдар тізімі
16.01.2018
Ұрымқай
орта мектебінде Президент Жолдауын талқылады
Ұрымқай орта мектебінде ұстаздар ұжымы
Президенттің Қазақстан халқына жолдауын талқылады. Тарих пәнінің мұғалімі, Ишмухамедова Балерке Сайфуллиновна өз сөзінде: Президент Жолдауының жетінші тармағы «Адами
капитал – жаңғыру негізі» жүзеге асырылуы жөнінде - білім беру жүйесін
реформалауды қозғайтындығын атап өтті. Президентіміздің Жолдауында нақты
міндеттер қойылып, оларды шешудің нақты ойланып, уақытпен тексерілген актуалды
жолдары ұсынылғандығын айтты. Жолдаудың басты бағыттарын басшылыққа ала отырып,
бізге қоғамды әрі қарай жаңғыртуда жетістіктерге жету қажет.

