"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Ұрымқай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Урумкай отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

    

S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>
Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

11.01.2018

Жаңа жыл – бұл нағыз ертегі

Жаңа жылдың

таңы неткен арайлы

Ақ мамыққа

бөлеп алды маңайды,

Жаңа жылмен

құттықтаймын деген үн,

Қанаттана

кең алқапқа тарайды.

 

    Көңілімізді шаттыққа бөлеп, жүрегімізге ерекше

жылулық сыйлайтын мерекелердің бірі – Жаңа жыл.  Жаңа жыл — ең

ғажайып, ең әдемі, ең жұмбақ және ең көңілді мереке! Адам баласы жаңа

жылдан жақсылық күтеді. Осы керемет мерекеден кейін

көптеген жағымды әсер қалады. Жақындаған сайын қоршаған ортада

өзгерістер болып жатқан секілді көрінеді. Құдды күллі әлем ертегі әлеміне

айналғандай. Жаңа жыл қарсаңында біз сиқырлы және

қуанышты нәрсе болатыны туралы елестетеміз. Балалар үшін Жаңа жыл — бұл нағыз

ертегі. Осы ертегіге айналған ғажайып Жаңа жыл кеші біздің мектебімізде де

өтті. Жаңа жылдан жақсылық күткен мереке қонақтары шыршаны айнала ән

салып, би биледі. Мереке кешіне дайындаған арнайы қойылымды тамашалап,

әзіл-оспаққа кенелді. Ал, мерекенің басты айшығы кім дейсіздер ғой?! Әрине, Аяз

ата мен Ақша қар. Бұл ретте тамылжыта ән салып, мың бұрала би билеп, тамаша

өнер  көрсеткен өнерлі бүлдіршіндердің

еңбегін айта кеткен жөн. Әр сынып өздерінің әдемі киімдерімен, өнерлерімен

көзге түсіп, Аяз ата мен Ақша қарды үлкен құрметпен қарсы алып жаңа жылдық

қоржыннан сыйлықтарын алысты. Иә, осымен тағы бір жасқа есейіп қалдық. Жаңа Жыл құтты

болсын! Бақ-береке, мол ырыс әкелсін! Ертегіге елітер осы ғажайып кезеңде

барлық асыл армандарыңыз орындалсын! Жаңа Жыл 

өзінің сиқырлы әсерімен баршаны қуанышқа бөлеп, алдағы жылымызға

шат-шадыман сәттер, жаңа мүмкіндіктер сыйласын!


Жаңа жылың жаңа нұр ала келсін

Қуанышқа

құшағың тола берсін.

Ескі

жылың есіркеп көкейіңде

Қимас шақтың бірі боп қала берсін!

Ұрымқай орта мектебі

 Бастауыш сынып

мұғалімі:

Ахметова З.А




Просмотров: 383


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст