«Оқушыларды сыни ойлауға тарту жолдары»
тақырыбы бойынша коучинг сессиясының жоспары
Коучинг тақырыбы |
Сын тұрғысынан ойлауға үйрету. | |||
Сілтеме |
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 30-37 бет,суреттер, ғаламтор материалдары. | |||
Жалпы мақсаты |
Сыни тұрғысынан ойлау әдістемесі арқылы сыни ойлауға түрткі болу, маңызды мәселелерді талқылайды, ой елегінен өткізеді. Блум таксономиясы бойынша түсінік алады. Педагогтарды сын тұрғысынан ойлауға үйрету әдіс -тәсілдермен танысады, іс- тәжірибесінде пайдалануда бағыт алады.
| |||
Күтілетін нәтиже |
1. Тәжірибеде рефлексия үшін сын тұрғысынан ойлауға үйрету стратегияларын қолданады 2.Блум таксономиясын сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының (білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау) иерархиялық моделін кеңінен пайдаланады; 3.Сын тұрғысынан ойлаудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін біледі, оларды өз тәжірибесінде тиімді қолданады. | |||
Түйінді идея |
Оқушыларды сыни ойлауға үйрету- табысты оқу екеніне қол жеткізу. | |||
Ресурстар: |
АКТ, флипчарт, суреттер, маркер, түрлі-түсті стикерлер, бояу құралдары. | |||
Қолданылатын модульдер мен әдіс-тәсілдер: |
оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану; оқытуды басқару және көшбасшылық; топтық жұмыс; диалогтық оқыту.
| |||
Дерек көздері: |
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Интернет материалдары. Әдеби материалдар,газет-журналдар. | |||
Тапсырмалар: |
Топқа бөлу мен бейнежазбаны көрсету,суретті әңгімелер арқылы ой қозғау, постермен жұмыс. | |||
| ||||
Коучинг сессияның өту барысы
|
| |||
Коучинг сессияның өтілу кезеңдері |
Уақыты |
Коучтың іс-әрекеті
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
| |
Ұйымдастыру кезеңі |
2 мин |
Коуч коучингтің тақырыбы мен мақсатымен таныстырады. |
Ақпаратты қабылдайды | |
І. Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу |
4 мин |
«Шаттық шеңбер» тренингі өткізіледі. Мұғалімдер есімдеріне байланысты жылы лебіз сөздер айтады |
Жақсы көңіл-күймен сабаққа ынталанады.
| |
Топқа бөлу |
4 мин |
«Қуырмаш» санамағы арқылы топқа бөлу «Бас бармақ, балан үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек» |
Мұғалімдер өз топтарындағы орындарына орналасады | |
ІІ. Жаңа тақырып Топпен жұмыс |
10 мин |
Әр топқа қазықты суреттер тарату, осы суреттерге байланысты шығармашылық жұмыс жасайды.
|
Суреттерді көру арқылы бір шығармашылық жұмысты көрсетеді (өлең, ертегі, мысал т.б.) | |
Рефлексия |
5 мин |
Бұл тәсілді сіздер сабағыңызда қалай пайдалана аласыз? Қандай нәтиже болуы мүмкін? Бұл тәсілді қалай тиімді пайдалануға болар екен? |
Өз ойларын ортаға салып талдайды | |
Мағынаны тану Топпен жұмыс |
15 мин |
Блум таксономиясы туралы түсінік беру. Презентация көрсетіледі |
Блум таксономиясы туралы мағлұмат алады,аталған барлық деңгейлер сыни ойлау үшін қажет екенін түсінеді. | |
Сергіту сәті |
5 мин |
«Тұрғындар, шатыр, жер сілкінісі» атты сергіту сәтін жүргізу |
Көңілдерін көтеріп , жаттығу жасайды. | |
Ой қозғау Топпен жұмыс |
20 мин |
1 топқа "Дәстүрлі білім беру" туралы постер жасауға тапсырма беріледі. 2- топқа "Заманауи білім беру" туралы постер жасауға тапсырма беріледі.
Жұмыстарын «екі жұлдыз бір тілек» арқылы өзара бағалайды. |
Әр топ өз ойларын флипчартқа дайындайды және қорғайды. Бір-бірін тыңдап, қорғау жұмыстарына байланысты сұрақтар қояды. | |
«Еркін жазу» әдісі жеке жұмыс
|
5 мин |
Топқа бөлінген зат бойынша шағын әңгіме жазу |
Әр мұғалім жеке жұмыс жасайды, Белгіленген уақыт ішінде А-4 парағына өз тобына бөлінген зат бойынша әңгіме құрастырып, жазып шығады.
| |
Ой толғаныс
|
10 мин |
« Балауыз шам» арқылы сыни ойлауға шақыру Тапсырма бойынша балауыз шамға өз көзқарастарын эссе жазу арқылы білдіреді. Балауыз шам жанғанан бастап өшкенге дейінгі ойыңыздан өткенді қағаз бетіне түсіріңіз.
|
Жазған эссе жұмыстарын оқиды. | |
Топтық жұмыс «Қиындықты жеңу» әдісі
|
5 мин |
«Жарық құмыра» бейнеролигін көрсету
|
Өз ойларын сын тұрғысынан ойлап қорғайды Біз қиындықты қалай жеңдік? | |
Кері байланыс |
5 мин |
"Екі жұлдыз ,бір тілек" әдісімен бағалау . Бастапқыда өз көңіл күйлерін бейнелеген стикер артына сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу не бейнелеу тапсырылады. |
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын смайлик арқылы бейнелейді не жазады | |