"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Ұрымқай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Урумкай отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

    

S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>
Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

04.06.2017

Зұлмат жылдар

       Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні 1997 жылдан

бері  атап өтіледі. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ел болып еске алатын 31

мамыр біздің еліміздегі қастерлі күндер қатарына кіргелі, міне, жиырма жыл болып қалды. Әр мамырдың соңғы күнінде 30-шы жылдарғы ашаршылық пен репрессия құрбандарын бірге еске

алып келеміз.  Биылғы жылы да Ұрымқай орта мектебінде «Жас қыран», «Жас ұлан» мүшелері алдында  «Зұлмат жылдар» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілінді. Оқушылар алдында мектеп директоры НҰР ОТАН партия мүшесі Батима Каскеевна Жапарова,  ХХ ғасырдағы адамзат басына түскен сұмдық апат, қанды қырғын, қазақ даласын адам қанымен суарған қатыгез қасапшылық –

саяси репресия құрбандарын еске алу туралы сөз сөйледі.  Сталиннің жеке басына табынудың салдарынан тұтас бір халық өзіміздің ең асыл азаматтарымыздан айырылып

қалдық. «Біздің мақсатымыз, - дейді Нұрсұлтан Әбішұлы жау іздену емес, болған қасіретті

ұмытпау, нақты тарихты білу, оны жазып қалдыру және біздің тұқым-жұрағаттарымыз

білу үшін еске алып отыру». Және де президент: «Біз әлдекімді немесе тарихты кінәлағымыз келмейді. Біз тек шындықты білгіміз келеді.

Шындықты білу арқылы тап сондай нәубат қайталанбас үшін не істеу керек екенін

білеміз» деген.

Уақыт өтуде. Барлығы өзгерді, адамдар басқаша өмір сүруде, бірақ тарихтың

сталиндік парақтарын Қазақстан тарихынан жұлып тастауға болмайды. Халқымыз қанша зұлмат пен қасіретті жылдарды басынан өткізсе де, ақ жүректігінен, ақ пейілінен айнымады. Бостандыққа қолы жетті.

Егемен мемлекет болдық. Өткеннен қорқуға болмайды, тарихты бәрі білуі тиіс. Өйткені ол бүгінгіні

қорытып, болашақты болжайды.

 

Шашкенова Ж.К.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі

Просмотров: 348


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст