Құттықтаймыз!
2016-2017 оқу жылы Ұрымқай орта мектебіне табысты және жемісті жылдардың біріне айналды. Жыл бойына мектеп оқушылары мен пән мұғалімдері аудандық және облыстық, Республикалық қашықтықтан өткізілген сайыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болды. Күні кеше 19 мамырда «Арман» МТОТЖ орталығында, Ұрымқай
ота мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, 4 «А» сынып жетекшісі Дробот Ольга Петровна, аудандық «Үздік сынып жетекші - 2017» атты сайысқа қатысып, ІІ жүлделі орынды қанжығасына байлап келді.
Ұрымқай мектебінің мектеп ұжымы мен әкімшілігі Ольга Петровнаны жеңісімен шын жүректен құттықтап, отбасында бақыт, береке, еңбек жолында шығармашылық табыс, қажымас қайрат, талмас қанат тілейді!
Ізгі
тілектерімен: Ұрымқай ОМ педагогикалық ұжымы мен мектеп әкімшілігі.