"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Ұрымқай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Урумкай отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

    

S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>
Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

17.04.2017

                                              «Ауылым –алтын тұғырым»

 2017 жылдың наурыз  айында К өкшетау қаласындағы  М. Ғабдуллин атындағы музейде Ұрымқай орта мектебі  «Ауылым-алтын тұғырым» атты   байқауға қатысты.  Бұл байқау ауыл мектептері музейлер арасында  2016 жылдың 20 наурыздан 2018 жылдың 20 наурызына дейін өткізіледі. Байқаудың  басты мақсаты Ақмола облысының  білім басқармасы мен ғалым, педагог Мәлік Ғабдуллин музейі арасында тығыз байланыс орнату, этнопедагогикалық бағыттағы насихат жұмыстарын жандандыру, Елбасының Қазақстан -2050 стратегиясында нақты

атап көрсетілген мәңгілік қазақ елінің «Ұлттың генетикалық кодын» түбегейлі бекіту арқылы жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру . Біздің көрмеміз наурыз мерекесімен тығыз байланысты болды. 

Салтанатты ашылу рәсіміне әділқазылар алқасы,  еңбек ардагерлері,  шақырылған қонақтар,  мектеп мұғалімдері және оқушылар қатысты.  Музейдің директоры  Мырзабек Құдайберлі Рахімбекұлы  қонақтарды құттықтап,   осы іс-шараның  келешек 

ұрпаққа қаншалықты маңызды  екенін айттып кетті.  Мектептің өнерлі оқушылары ән шырқап, би билеп өздерінің концерттік бағдарламасын көпшілік назарына ұсынды. Кейін Ұрымқай орта мектебінің директоры Жапарова Батима Каскеевна   қонақтарды көрмеге шақырды. Көрмеде Ұрымқай ауылының тарихы,  мектеп туралы және оның жетістіктері, ауылда еңбек етіп жатқан ауылдастар мен мектеп ұстаздары, тәлім алған дәрежелі шәкірттер, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, еңбек ардагерлері жайлы сөз болды. Ұрымқай мектебінің тарихы бойынша ардагер ұстаздар  Колесникова Тамара Анатольевна, Мамзина Кульзипа Бимендеевна және Бекебаев Жанболат Аскарович  сөз сөйледі. Ұрымқай емханасында көп жыл қызмет еткен дәрігер Аушакимов Ташкенбай Сабжанович  ауыл  туралы естеліктерімен бөлісті. Саяхат жүргізген оқушылар туған ауылды   мақтаныш сезіммен дәріптеді . Саяхаттан кейін барлық қонақтар  Наурыз мерекесіне арналған мерекелік концертті тамашалады.  

 

 

                                                                                                          

Елеманова Г.Т.

Ұрымқай орта мектебі

Просмотров: 405


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст