Шығармашылық конкурс.
Сәуірдің жетінші жұлдызында Щучинск қаласының № 4 орта мектебінде өзге ұлт өкілдері оқушыларының арасында
қазақ тілі пәнінен аудандық шығармашылық конкурсы болып өтті. Конкурстың мақсаты: мемлекеттік тілді сауатты
меңгеру; жан-жақты дамыған және әлеуметтік жауапты тұлғаны қалыптастыру идеяларын насихаттау. Ұрымқай орта мектебінен «Әдеби көркем оқу» номинациясына Афонченко Дарья (4-сынып), Дроздова Ольга (9-сынып), «Музыкалық қонақжай» номинациясына Унгефук Ефим (3-сынып), Матис Виктория (10-сынып), «Көркемдік театрландырылған қойылым» номинациясына Клещ Анастасия (5-сынып), Коваленко Анастасия (9-сынып), «Ұлттық
қолданбалы өнер» номинациясына Будевич Виктория (4-сынып), Эрбес Каролина (5-сынып), Зятькова Ирина (9-сынып) қатысып, өз бақтарын сынады. Оқушылар әр номинация бойынша бірнеше тапсырмаларды орындады.
Мәтінді мәнерлеп оқып, аударды. Берілген тақырыптар бойынша диалог құрастырды. «Мың бір мақалда» мақал айтып жарысты. Олар білімдерін жан - жақты көрсете білді. Нәтижесінде Будевич Виктория, ЭрбесКаролина, Клещ Анастасия жүлделі III орынды иеленсе, Коваленко Анастасия I орынды жеңіп алып, облыстық конкурсқа
жолдама алды. Құттықтаймын!!! Анастасияға тек сәттілік, жеңіспен оралуын тілеймін.
Ж. Шашкенова
қазақ тілінің мұғалімі