«Жаңаша оқыту – жаңаша көз қарас».
Ж.Аймауытов «Сабақ беру - үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» деген, яғни оқу
үрдісі жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамытуға негізделуі қажет. Оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыруда біздің мектепте қандай өзгерістер болды? Ия, өзгерістер болды, жаңаша көзқарас, білім берудегі жаңаша әдіс-тәсілдер биылғы жылғы 1 сынып мұғалімдерінің тәжірибесіне жаңаша сипат әкелді.
Оқушыларға да жаңалықтың оң әсер бергенін оқушылардың өздері әр сабақ соңындағы рефлексияларындағы«бүгінгі сабақ өзгеше өтті, ұнады, себебі әркім өз ойын ерікті жеткізеді», «бүгінгі сабақ ерекше өтті, әр топтың фантазиялары ұнады», «осындай сабақтар көп болса екен...» деген сияқты пікірлер де, 1 «А» сынып жетекшісі Герасимова Валентине Ивановнаға әр сабақ сайын қойылып оотырады екен.
Ақпан айының 28 жұлдызында Ұрымқай орта мектебінде 1 «А» сыныбында, жаратылыстану пәнінен ашық сабақ өткізілді. Тақырыбы «Жылытқыш құралдар». Герасимова Валентина Ивановна тақырыпқа тиісті критерийлер қоя білді. Сынып берілген тақырып бойынша, белсенді жұмыс істей білді. Мұғалім сабақ барысында,
АКТ технологияларын қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық және топ болып ұжымда жұмыс істеу қабілеттерінің жоғары деңгейде екендігі байқалды. Оқушылар берілген тапсырмаларды орындай
отырып, ойларын ортаға салып, топпен жұмыс істеу жүйелерін көрсетті. Берілген критерийлер толығымен орындалды. Сабақ соңында, оқушылар сабақтан алған әсерлерімен өз ара бөлісті.