Ұстаздар қауымы жолдауды талқылады.
2017 жылғы 3 ақпан күні Ұрымқай орта мектебінде ұстаздар қауымы мемлекет
басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын талқылады.
Бірінші кезекте, тарих пәнінің мұғалімі Ишмухамедова Б.С.. Жолдаудың бес басымдығы мен таныстырып кетті. Білім саласын қамтитін төртінші басымдылыққа айрықша көңіл бөлді. Төртінші басымдық-адами
капитал сапасын жақсартуда, Елбасы оқушыларға сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет екені айтылған. Сонымен қатар ІТ-білімге де көңіл бөлу керектігі, үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу туралы айтылып кетті. Бірақ қазақ тілінің басымдығы сақталатыны туралы ұстаздар қауымы арасында қолдау тапты.
Денсаулық сақтау жүйесіндегі өзгерістер, яғни 1шілдеден міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің еңгізілетіні мұғалімдердіңкөңілінен шықты. Зейнеткерлердің де жағдайы Елбасының назарынан тыс қалмағаны
өте қуантты.Мектеп директоры Б.К. Жапарова осы отырысты қорытындылап, Елбасының Жолдауды жүзеге асыру әр қазақстандықтың міндеті екенін айтып кетті.
Елеманова Г.Т.
Ұрымқай
орта мектебі