«Адал ұрпақ» клубы.
2016-2017 оқу жылы Ұрымқай орта мектебінде мектеп сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмысты белсендендіруге мүмкіндік беретін құрамында 9-10 сыныптар оқушысыбар «Адал ұрпақ» еріктілер мектеп клубы құрылды. Клуб жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Ишмухамедова Балерке Сейфуллаевна. Клуб жоспарында оқушылардың құқықтық білімін қалыптастыруға бағытталған тәрбие жұмысының негізгі бағыттары ерекшеленеді.
Оқушылардың құқықтық санасын қалыптастырып, дамытуда сыныптан тыс құқықтық
тәрбие берудің маңызы ерекше. Оқушылар арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында сынып сағаттары, ал бастауыш сынып оқушылары арасында «Менің құқықтарым», «Өз құқықтарымызды білеміз бе?» тақырыбында түсіндіру сабақтары өткізілді. «Адал ұрпақ» клубының басты мақсаты – адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу, адамқұқықтарына, бостандық және міндеттерін құрметтеуге, адамгершілік сезімдерге және этикалық түсінікке, сыбайлас жемқорлықтың жағымсыз мәдениетіне
бағытталған.
Елеманова Г.Т.
Ұрымқай орта мектебі