«Құстарға қамқор болайық» акциясы.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында Ұрымқай орта мектебінде «Жасыл желек» мектеп
орманшылығының мүшелері «Құстарға қамқор болайық» атты акция өткізді. Іс – шараның басты мақсаты
– оқушыларды құстарға және қоршаған ортаға қамқор бола білуге тәрбиелеу, экологиялық білімдерін қалыптастырып, тәжірибелік дағдыларын әрі қарай дамыту. Аталған іс-шараға мектеп оқушылары қатысты. «Құстарға қамқор болайық» атты акциясы аясында әртүрлі іс-шаралар жоспарланды. Сынып жетекшілері сынып сағаттарын өткізді. Оқушылар суреттер және өлеңдесайыстарына қатысты. Бастауыш сыныптары ерекше белсенділік танытты. Кішкентай бүлдіршіндер ата-аналарының көмегімен түрлі жемсауыттар
жасады. Акция шеңберінде оқушылар құстар әлемі құпиясы туралы түсініктерін кеңейтті. Қанатты достарға қамқор болуға, оларды аялауға, табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке
танытуға түсініктерін кеңейтті.
Елеманова ГТ.
Ұрымқай орта мектебі