Менің қысқы демалысым.
Қысқы демалыс – бұл жаңа жылдың сиқырлы кезі. Бұл мезгілде таза ауада
қысқы ойындарға қатысу үшін ең қолайлы уақыт! Қаңтардың аязды күндерінде аулада қысқы ойындар ойнауға болады, ал кешкіуақытта анаңмен бірге сүйікті ісіңмен айналыса аласың.
Әрине, қысқы демалыс уақытында қызықты оқиғалар мен түрлі әсерлер көп болады. Осы қысқы демалысымда «Щучье - Бурабай» курорттық аймағында орналасқан «Звёздный» сауықтыру орталығында демалдым. Қарағайлы орманның арасындағы сауықтыру орталығы балалардың қысқы демалысына мұз айдынын, шаңғы жолы мен үлкен аққаланы дайындап қойған.
Онда мен көптеген жағымды әсерлер алдым. Лагерьде мен коньки, шаңғы тептім, шанамен сырғанадым. Сырғанақ тепкен кезде менің бойымда бірінші қорқыныш сезімі пайда болды, кейін көңілдендім. Жылдамдықпен сырғанау кезінде өзіме бір тылсым күш пайда болып, күлкі мен айғайымды жасыра алмадым. Менімен бірге болған достарым
біреу шаңғы, біреуі коньки тепті, ал, кейбіреулері жотадан төмен қарай шанамен сырғанап ойнады. Күні бойы біздің көтеріңкі көңіл –күйіміз болды, жүзімізде шаттық нұры ойнады. Бұл жердің табиғаты өте тамаша! Айнала аппақ, басқа әлемге тап болғандайсың.Лагерьдің жан-жағында биік қарағайлар әсем көрініп, бізге ерекше әсер берді.
Қысқы демалыс-ғажайып кез! Достарыммен жақсы өткізген сәттерім ұзақ уақытқа дейін есімде болады. Келесі
демалысымды асыға күтемін.
Акпаева Камила
Ұрымқай орта мектебі 5 сынып оқушысы