Текст
8 — наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай мектепте «Қыз қылығымен көрікті» атты қыз сыны байқауы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты: қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу. Сайыс барысында арулар өзін-өзі таныстырып, білімдерін көрсетті. Әр бір сайыста өздерінің белсенділіктерін, тапқырлықтарын, жауапкершіліктерін көрсете білді. Қатысушы арулар өздерінің ән айту, би билеу, мәнерлеп оқу және актерлік шеберліктерін паш етті.
/public/files/2024/3/6/060324_160603_3317208801357322877.mp4