Текст
Тамақтану – жас ұрпақтың денсаулығын анықтайтын маңызды факторлардың бірі. Біздің мектеп асханасы оқушылар мен мектеп ұжымын заманауи, сапалы тамақпен қамтамасыз етеді.
Мектепте оқушыларға бір жолғы ыстық тамақ беріледі. Оқу жылының басынан 1-4 сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен 100 пайыз қамтамасыз етілді. Жалпыға бірдей білім беру қорынан халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балалар қамтылған. Азық-түлік жүйесін ұйымдастырудың басым бағыттары:
-оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету;
- тамақ өнімдерінің санитарлық-гигиеналық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
-тамақтанудың сапасын, калориясын және теңгерімділігін бақылау;
- ішу режимін қамтамасыз ету.