Текст
2020 жылы қарашаның 16 жұлдызында Ұрымқай орта мектебінде IQanat олимпиадасының бірінші (аудандық) кезеңі өтті. Олимпиада ауыл мектептерінің 9-сынып оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша үш кезеңде өткізіледі. Олимпиаданың негізгі мақсаты: қабілетті оқушыларды анықтау және қолдау; ауыл оқушыларының шығармашылық, танымдық, зияткерлік бастамаларын жандандыру.
Олимпиаданың ашылу рәсімі барысында оқушыларға алдын ала нәтижелерді жариялау орны мен тәртібі туралы, аудиторияларда өзін-өзі ұстау ережелері, ұсынылатын тапсырмалардың шешу жолдарына қойылатын талаптар және басқа қажетті ақпараттар хабарланды.
Болашаққа зор мүмкіншілік беретін олимпиаданың қатысушыларына сәттілік тілейміз!