«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Табиғат бесігі» кіші жобасын іске асыру шеңберінде 2020 жылдың 21-23 қазан аралығында облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы ZOOM платформасы бойынша «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен натуралистерінің облыстық форумын өткізді.
Форумның мақсаты: білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу.
Форумға Ақкөл, Атбасар, Аршалы, Бұланды, Бурабай, Зеренді, Ерейментау, Есіл, Жақсы, Қорғалжын, Сандықтау, Шортанды, Целиноград аудандары мен Көкшетау, Степногорск қалаларының балалары мен педагогтары қатысты. Қатысушылардың жалпы саны -77 адам.
Қазылар алқасы мүшелері ретінде «Көкшетау сегодня» газетінің бас редакторы Жагпарова Олеся Дмитриевна; Көкшетау қаласы №21 орта мектеп-лицейінің география мұғалімі Гудзюк Елена Владимировна; Көкшетау қаласы №13 «ЭКОС» экологиялық мектеп-гимназиясының биология мұғалімі Азбергенова Алмагүл Байгенжинқызы; «Мирас» балалар қайырымдылық қоры» қоғамдық қорының атқарушы директоры Костицына Ирина Анатольевна; «Өмір жолы» отбасы мен баланы қолдаудың ақпараттық-үйлестіру ресурстық орталығы директорының орынбасары Бытыралиева Анар Дулатқызы шақырылды.
2. «Жасыл экономика» номинациясы: жоба-зерттеу байқауы келесі бағыттар бойынша:
экологияны және қоршаған ортаны жақсарту, жасыл экономика, «жасыл» технологияларды қолдану;
инновациялық «жасыл» жобаларды әзірлеу, енгізу, ынталандыру және насихаттау практикасы:
1 орын – Унгефук Ефим, Бурабай ауданы Ұрымқай ОМ;