Мектеп мұражайы -тарих шежіресі
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласында "Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді.
Мектеп мұражайының басты мақсаты – мұражайдағы тарихи құжаттар мен жәдігерлер арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке, ұстаздарға деген құрметке тәрбиелеу, оларға кәсіби қызметінде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген адамдарды, мектептің жетістіктерін таныту, мектептің оқу-тәрбие қызметіндегі бай тарихын уағыздау, түлектердің жеке тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік жасау, олардың өлке тарихына қызығушылығын арттыру.
Білім ордасындағы мұражай –оқушылардың жүрегіне ізгілік ұялататын, патриотизмге тәрбиелейтін, сезімін оятып, зеректігін арттыратын үлкен тәрбие құралы.
/public/files/2020/12/9/091220_221459_muzeyaurumkajskayassh-1.mp4